Өңірлік кадр резервіне жастарды тарту — өркениеттің кепілі

кадр

Сайрам ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Балажановтың қатысуымен Түркістан облысында Өңірлік кадр резервін қалыптастырудың тәртіптері мен кезеңдерін түсіндіру мақсатында жиын өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов жүргізіп отырды. Аталмыш кездесуге аудан әкімі аппараты, аудандық дербес бөлімдер мен ауылдық округі әкімі аппаратының жас мемлекеттік қызметшілері, аудандағы медицина, білім беру ұйымдарының жас қызметкерлері, Жастар ресурстық орталықтарының жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосу барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Өркен Байділханұлы жастарды өңірлік резерв бағыттарымен және іріктеу жоспарымен таныстырды. Әрбір білімді жастың мемлекеттік қызметке тағайындалуға мүмкіндігі мол екенін айтты.

Жиын соңында жастар мемлекеттік қызметке тұру қағидаларына қатысты көкейлеріндегі өз пікірлерін ортаға салып, сұрақ-жауап алмасты.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі