Түркістан облысының диқандары алғашқы өнімін жинауға дайындалуда деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округі аумағында орналасқан «Кенжебай ата» шаруа қожалығы 1 гектар жерге қызанақ еккен. Егіннің алды пісіп, жетілуде. Жалпы, егістік алқапта 25 мың түп қызанақ отырғызылды. Егінді күтіп баптауға 10-нан астам адам еңбектенуде. Шаруашылық жұмысшыларының айтуынша, өнімнің толық пісіп жетілу уақыты сәуір айының орталарына сәйкес келеді. Ал, піскен өнімді аудан базарлары мен еліміздің басқа да қалаларына жөнелту жоспарлануда.
Шаруалар әр түптен 10 кг дейін өнім жинамақ. Жоғары сұрыпты қызанақ өнімді мол береді. Әрі төзімді. Диқандар әр гектардан кемінде 60 тонна өнім жинауды көздеуде.
Оған қоса, шаруа қожалықтың құрамында мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Мұнда «Ангус», «Ақбас» тұқымды 100-ге жуық ірі қара мал бордақыланып жатыр. Былтыр мал шаруашылығын бастаған шаруақожалық алғашқы лекпен 54 дана асылтұқымды малдарды солтүстіктен алдырған. Бүгінде мал басын көбейтіп, ішкі нарыққа ет өндіріп, мол пайдаға кенеліп отыр.
Қожалық иесі алдағы уақытта кәсіп ауқымын кеңейтіп, өз өнімін елдегі барлық сауда орындарына шығаруды көздеп отыр. Қазіргі таңда, мұнда 2 адам жұмыс істейді.
В Келесе созревают помидоры
Аграрии Туркестанской области готовятся к сбору первого урожая. Работники крестьянского хозяйства «Кенжебай ата» в Кошкаратинском сельском округе Келесского района засеяли на 1 гектаре помидоры передает пресс-служба акима Туркестанской области.
Всего на посевных площадях растут 25 тыс. кустов томатов, за которыми ухаживают более 10 человек. По словам работников хозяйства, время полного созревания помидоров приходится на середину апреля.
Спелые томаты отправят на районные рынки и в другие города страны.
Крестьяне планирует собрать до 10 кг помидоров. Плоды высшего сорта дают большой урожай. Аграрии намерены собрать не менее 60 тонн продукции с каждого гектара.
Кроме того, в составе крестьянского хозяйства работает откормочная площадка. Здесь разводят около 100 пород скота породы «Ангус», «Акбас». В прошлом году, начав скотоводство, с севера вывезли первую партию в количестве 54 племенных животных. За ними ухаживали, откармливали, а затем отправляли на внутренний рынок в виде мясной продукции. Это принесло фермерам огромную прибыль.
В этом году аграрии намерены увеличить поголовье скота, а мясное направление планируют вывести на рынки нашей страны. В этом направлении работой обеспечены два человека.