Кибербуллинг қылмыстарының алдын алу

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың  алдын алу мәселелері қазіргі таңда өте өзекті.  Кибербуллинг дегеніміз  – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Ғаламторды пайдаланатын балалардың саны қазіргі уақытта күннен күнге өсіп келеді. Әлеуметтік желілерде қорлау көбінесе балалармен болып жатады. Сондықтан балалардың үйде интернетті пайдалануы ата-ананың бақылауында болу керек.

Ә. Науаи атындағы №13 мектеп-гимназияда 2022 жылы 11 қазан күні кәмелет жасына толмағандар арасында құқықбұзушылық және буллинг, кибербуллинг қылмыстарының алдын алу, балалар мен жасөспірімдер өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа Түркістан қаласы прокуратурасының прокуроры Жансерік Мыңжасаров, Түркістан ҚПБ-ның ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Шахаев Алмат Талғатұлы және мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Ш. Мадалиев қатысты.

«Буллинг, кибербуллинг» тақырыбында 11-сынып жетекшісі Асылбекова Гүлбану баяндама оқыды. Тақырып бойынша бейнебаян, слайдтар көрсетіліп, қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық және буллинг, кибербуллинг қылмыстарының алдын алу мәселелері талқыланды.

Ntime.kz