Колледж студенттеріне есірткіге қарсы түсіндірме жүргізілді

Колледж

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп, жастардың есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, «Ахмет Яссауи» атындағы кәсіби колледж студенттеріне кездесу ұйымдастырды.

Жиын барысында жастарға кинологиялық қызмет орталығындағы есірткі мен жарылғыш заттарын анықтайтын және шабуыл жасайтын қызметтік іздестіру иттерінің жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар «Нашақорлықты және дәріханалық нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында есірткінің зияндылығы мен оларға қатысты құқық бұзушылықтарға жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.

50-ге жуық студентті қамтыған бұл шарада жастар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жауап алды.

Полицейлерге жастар танымдық экскурсия және қызметтік иттердің жұмысымен жеке танысу мүмкіндігін бергені үшін алғыстарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі