Медициналық ұйымдарда жаңа қызмет енгізілді

комплаенс

Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда комплаенс қызметі енгізілді деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Емдеу мекемелерінде жаңа қызмет түрін комплаенс офицер атқарады. Комплаенс қызметін енгізудің мақсаты — медициналық ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Нақтырақ айтқанда, медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап ету немесе тегін көрсетілетін медициналық қызмет түріне, түрлі анықтамаларға, мүгедектікке шығару кезінде әртүрлі заңсыздықтарға тап болсаңыз, комплаенс офицерге шағымдансаңыз болады. Комплаенс офицер маманы емдеу мекемелеріндегі фронт офисте тұрғындарды қабылдайды. Жаңа қызмет түрі қаладағы 35 мемлекеттік медициналық ұйымға енгізілген.