Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Бүгін 18 қазан күні Ә. Науаи атындағы №13 мектеп-гимназияда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» тақырыбында конференциясы ұйымдастырылды.
Жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен Қазақстанның тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру, балалардың бейнелеу өнеріне баулу мақсатында 1-11 сынып оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Сурет байқауында еліміздің астанасы мен елімізге байланысты, туған жер, табиғат суреттерін балалар зор ынтамен бейнеледі. Әрбір салынған сурет ерекше болды.
Осы сайыстың әр түрлі жас санаттарында жеңімпаздарын анықталып, белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.
Мектеп кітапханасында «Халық бірлігінің ұлы күші» тақырыбында кітап көрмесі жасалды. Кітапхана меңгерушісі Н. Музаффарова оқушыларды елімізде өмір сүріп жатқан этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері, мәдениеті жайлы кітаптармен таныстырды.