Құқықтық оқытуға, Департаменттің Басқарма басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі Ерғали Тілесбайұлы Жұмабаев, Филиал директоры Әділет Әділбекұлы Нысанбаев және Департамент қызметшілері қатысты.
Іс – шара барысында Е.Жұмабаев, ҚР Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмыс барысынан тыс уақыттарда өздерін қалай ұстау керектігін және санитариялық талаптарды сақтап, қоғам тарапынан сынға ұшырауға себеп бермеу қажеттіліктерін атап өтті.
Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ҚР Салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына тапсыру талаптарына тоқталды.
Ә.Нысанбаев, мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қалай сөйлесу, олармен кері байланыс орнату және халықтың сенімділігін арттыру бағытындағы баяндама жасады.
Сондай ақ, мемлекеттік қызметшілер қызметтерді тұтынушыға бағыттау жұмысын жүзеге асыруды, қызметтерді тұтынушыға оңай әрі тиімді, жатық тілмен жеткізу әдістерін түсіндіріп, тәжірибеде кездесетін мәселелер бойынша пікір алмасты.
Іс – шара барысында, спикерлерге Департамент қызметшілері тарапынан туындаған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды.