Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрмановтың қатысуымен 2021-2025 жылдарға арналған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және өңірлік инвестицияларды ұлғайту төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.
Баспасөз мәжілісінде спикер кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар және өңірдің инвестициялық ахуалына толық тоқталып өтті.
«2021-2025 жылдарға арналаған ұлттық жоба шеңберінде пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау – кіші және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналаған бағдарлама. Кәсіпкер үшін 8 пайыздық жеңілдетілген несие бес жылға дейін беріледі. Аталған субсидия экономиканы жоғарылатуға арналған салаларға басымдық береді. Несиенің ең жоғарғы мөлшері 3 млрд. теңгені құрайды. Осы ретте, кәсіпкер субсидиялау механизімі аясында өтінім беру арқылы банкке жүгінеді. Ал банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау жүргізеді. Одан кейін банк оң шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерге несие ұсыну бойынша хабарлама жолдайды. Кәсіпкер банк қарастырған оң шешім бойынша «Даму» қорына өтінімімен жүгіне алады. Аталған қор оң шешім қабылдаса, кәсіпкер мен банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісім шарт түзіледі. Кәсіпкер банктен 21,75 пайызбен кредит алады, ал оның 13,75 пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялайды», — деді басқарма басшысының орынбасары.
Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – ішінара кепілдендіру. Кепілдендіру – әрбір кәсіпкер несие алған кезде кепілдік заттары жетпеген жағдайда жаңадан өз кәсібін бастаған кәсіпкерлерге «Даму» қоры 360 млн. теңгеге дейін кепіл бола алады. Ал іс әрекеттегі кәсіпкерлер үшін 1 млрд. теңгеге дейін кепілдік береді. Бұл кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік.
Бұдан өзге, ұлттық жоба шеңберінде кіші кәсіпкерлер үшін мемлекет – жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант ұсынады. Ол мемлекеттік грант 5 млн. теңгеге дейін. Ол үшін кәсіпкер өзінің бизнес жоспарын әзірлейді. Негізігі талап – грант иегері инновациялық жобаны ойластырып шығуы керек. Айта кетейік, бұл грантқа конкурс жылына 2 рет өткізіледі. Биыл бұл бойынша конкурс өткізілмеген.
Шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін Ерімбетов көшесінің бойындағы №304 Г мекенжайында орналасқан арнайы фронт-офис құрылған. Онда бизнеске арналған консультация беріледі, бизнеске сүйемелдеу жұмыстары, бизнес-жоспар жазу және жеке, заңды тұлаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу қызметтері көрсетіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламадан бөлек «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде кіші кәсіпорындарды қолдау шарлары жүгізіледі. Нақтырақ айтқанда, тоқтап қалған кәсіпорындардың жұмысын жандандыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлерге дайын өдірістік алаңдар ұсынылады. Қазіргі таңда 3 өндірістік алаң жұмыс істейді. Яғни кәсіпкер бизнеске арналған жобасын жоғарыда аталған фронт-офиске алып барып, тапсырады. Ол өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралады. Бағдарламаның тиімділігі – кәсіпкер ғимарат салғаннан гөрі дайын ғимаратқа шет елден қажетті құралдарын алдырып, жұмысын дереу бастап кете алады. Өндірістік тараптың жалдау ақысын да мемлекет өтеп береді. Кәсіпкерге бірінші жылы 75 пайыз мемлекет тарапы өтеп берсе, екінші жылы 50 пайызы, үшінші жылы 25 пайызын өтейді. Аяқтан тұрып кеткен жағдайда кәсіпкер ары қарай бизнесін ұлғайтуға ұсыныс білдірсе, арнайы индустриалды аймақтардан жер учаскесін де қарастыруға мүмкіндік бар.