Кәсіпкерлік нысандарының қасбеті жаңарып, жарнамалар тәртіпке келтірілуде

Кәсіпкерлік нысандарының қасбеті жаңарып

Қала аумағында жүргізіліп жатқан абаттандыру және ретке келтіру жұмыстары аясында кәсіпкерлік нысандардың қасбеттері мен айналасын тәртіпке келтіру жалғасуда. Бұл бағытта ең алдымен ескірген, мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ рұқсатсыз орнатылған жарнамалық конструкциялар алынып тасталуда.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – қала келбетін жақсартып, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы орта қалыптастыру. Қазіргі таңда бірқатар көшелердегі дүкендер, дәмханалар мен басқа да сауда нысандарының сыртқы қасбеттері жаңартылып, заңнама нормаларына сәйкес эстетикалық тұрғыдан үйлесімді көрнекі ақпараттар орналастырылуда. Бұл тек сыртқы сәнділікті арттырып қана қоймай, шағын және орта бизнес нысандарының тартымдылығын күшейтеді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге жарнамалық тақталарды орнату кезінде бірыңғай стандарттарды сақтау қажеттігі түсіндіріліп, заң талаптарына сәйкес ресімдеу бойынша кеңестер берілді. Артық, көзбояушылыққа толы, бей-берекет орнатылған баннерлер мен билбордтардың орнына ықшам, мазмұнды әрі қала архитектурасымен үйлесімді ақпараттық тақталар қою ұсынылуда.

Қаратау ауданы әкімдігі мен тиісті қалалық басқармалар бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады. Нәтижесінде қала көшелері артық жарнамадан арылып, заманауи талаптарға сай ретке келтірілмек. Бұл бастама Шымкенттің жалпы көркін ашып қана қоймай, тұрғындардың да мәдениетін арттырып, бизнестің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Кәсіпкерлердің көпшілігі бұл бастаманы қолдап, өз нысандарының қасбеттерін жаңартуға ниет білдіруде. Жаңа форматтағы көрнекі ақпараттар тұрғындардың да, қала қонақтарының да көзіне әдемі әрі ыңғайлы болып көрінеді. Қала ортасында ғана емес, шеткері көшелерде де ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бұл бастама жастардың да эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етіп, қоғамдық мәдениетті арттырады. Болашақта барлық кәсіпкерлік нысандары бірыңғай стильде безендірілсе, қаланың сәулеттік келбеті айтарлықтай жақсара түспек