Еліміз бойынша қалыптастан эпидемиологиялық жағдайды қалыпты жағдайға түсіру мақсатында әрбір қазақстандық және еңбек ұжымдарындағы қызметкерлер мен жұмыскерлердің вакцинациядан өтуі қажеттігі жөнінде кәсіподақтардың үндеуі жарияланған болатын деп хабарлайды Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі. Осыған байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы 36 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдары және кәсіподақ мүшелері тарапынан қолдау тауып, мекемелердегі қызметкерлер мен жұмыскерлер алғашқылардың қатарында корононавирус індетіне қарсы екпе салдырып, басқаларды да екпе салдыруға шақырып, белсенді жұмыс жүргізуде.Атап айтқанда, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-дегі 144 адам толығымен немесе 100%-і, «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-дегі 14 адам толығымен немесе 100%-і, «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-дегі 173 адамның (3 адамның медициналық анықтамасы бар) 166-сы немесе 96%-і, «Шапағат мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-дегі 43 адамның 40 адамы (3 адамның медициналық анықтамасы бар) немесе 93%-і, «Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ-дегі 26 адамның 24 адамы (2 адамның медициналық анықтамасы бар) немесе 92,3%-і, ал жалпы алғанда 36 мекемедегі 2300-ден астам адам немесе ұжым мүшелері 96-98%-і аралығында екпе салдырған және қалғандарының тиісті медициналық анықтамалары бар.Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.