Бүгін қала күніне, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Маңғыстау мұнайының 60 жылдығына орай «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Алмасбек Ахметбекұлы Сақбаевтың жаңаөзендіктермен шығармашылық кездесуі өтті. «Отанға , ұлтқа, елге арнап жыр жазу- ақынның парызы! Бүкіл әлемге мұнай таратып отырған мұнайшылардың еңбегі зор. Атамекен Отаным орман болып көктесін, аспанымда мәңгі бақи желбіреп тұрсын көк байрақ!… Анам 82 жасқа келіп дүниеден озды…Шексіз сүйем әлемнің жарығын анамның сүтінен тараған… 3 қызым, 1 ұлым бар.. Маңғыстауға 1 қызымды ұзаттым, Маңғыстауға құда боламын… Қызыма айтқаным сен күлсең елің күледі, сен жыласаң елің жылайды… Әкеңде ұлттық рух бар! Сен менің елшімсің, барған еліңді көктет, махаббатпен барған еліңді ал құшағыңа… Ұлым Назарбаев университетін бітірді. «Шетелге кетемін «,-деді. Өз еліңмен, өз Отаныңмен бол, өз еліңе қызмет ет!»- дедім… Ақын сахна төрінде көрермендерге сыр шертті. Кездесу барысында «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздары автордың әндерін орындады.
Айнагүл Күшікбаева