Шу қаласы сауда орталықтарының маңында орналасқан бейнекамераға қоқыс лақтырған “тойота” маркалы автокөлігі түсіп қалған.
51 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы 1-бөлігі (Ортақ пайдаланатын орындарды ластау) бойынша хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары тазалықты сақтайық! Тазалық өзімізден басталады.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі