Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары үшін Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штаб ашылғанын хабарлаймыз!
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
-Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
-Гигиеналық заттар.
-Азық-түлік
-Тұрмыстық заттар.
Гуманитарлық көмек жинау орны: Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі – 5
Қабылдау уақыты: 09:00-19:00-ге дейін
Маңызды: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады.