Валерий Пааль – оңтүстік өңіріндегі білікті дәрігер-невролог деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тәжірибелі маманға сұраныс өте жоғары. Бір айдың өзінде неврологтың қабылдауына 3000 науқас келеді. В.Пааль медицина саласында 27 жылдан аса жұмыс істейді. 1998 жылдан бастап, қазірге дейін дәрігер Орынбаевтың медициналық орталығында халыққа жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетеді. Еуропа, Азия және ТМД елдерінде бүкіләлемдік неврологтар қауымының профессорлары қатысатын семинарлар мен конференцияларда жыл сайын біліктілігін артырып келеді. Дәрігердің үздіксіз шетел мамандарымен тәжірибе алмасуы оның қызмет барысында үлкен жетістікке жетуіне жол ашты. Еңбектену нәтижесінде ол тек Шымкент қаласы ғана емес, облыс деңгейінде білікті маман ретінде танылды. Дәрігер остеохондроз, плексопатия, жүйке тамырларының орталық жүйесі аурулары, бас сүйек-ми және омыртқа-жұлын зақымдарының салдары ауруларынан пайда болатын сырқаттарды және т.б. неврологиялық ауытқулары бар науқастарды емдейді. Валерий Пааль өз ісінің нағыз маманы, қандай құрметке де лайық дәрігер.