Көрісу күні — қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі саналады. Бұл күн — Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының бастауы. Көпшілік қар еріп, жер жүзі жаңарып, жаңа келбетке ене бастағанда, туған-туысын, жақындарын іздеп, сағына көрісетін болған. Бір-біріне деген өкпе-реніші болса, кешіріп, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алған.
Амал мерекесіне орай, Қарабұлақ ауылында №41 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінде аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Аmanat» партиясының төрағасы Куаныш Сыздықов, «Қоғамдық келісім» төрағасы Бахтияр Батаев, қоғам белсендісі Зумрад Ахмедова, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ғанишер Раимқұлов және аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен кездесу өтті.
Жиынға қатысушылар Көрісу күні мұсылман халқының құндылығын насихаттаумен қатар, салт-дәстүрлерді жастар арасында кеңінен дәріптеу мақсатында құттықтаулар мен жылы лебіздерін білдірді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі