«Тазалық табалдырықтан басталады» дейді халқымыз. Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Содан болар, көктем, күз мезгілдерінде қала тұрғындары сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырған. Олар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуда. Дегенмен өз үйінің ішкі жинақылығымен ғана шектелетіндер бар. Себебі, қоқысты көшеге төгетін, үйдің жоғары қабатынан далаға лақтыратындар да кездеседі. Қоршаған ортаны құрметтеу, адамдарды сыйлау адамның ішкі мәдениетіне байланысты болса керек. Тазалықты сақтауда қоғамның құқықтық мәдениеті мен санасын қалыптастыру өте маңызды. Тазалық-денсаулық кепілі.
Бүгін Ахмет Ясауи Колледжінің ұжымы таза қала қалыптастыру мақсатындағы жүргізіліп жатқан «Көңілді сенбілік» жалпықалалық акциясына өз үлесін қосты. Білім ордамыздың оқытушы-қызметкерлері мен белсенді студенттері оқу ғимаратының аумағын және Тәуке хан даңғылының колледж орналасқан тұсындағы жаяу жүргіншілер жолының айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді.