«Лақтырып жібер»: шымкенттік жігіт темекі қорабында есірткіні тасымалдағанын білмеген

Лақтырып жібер

20 жастағы шымкенттіктің басқаруындағы «Приораны» патрульдік инспекторлар көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін таңғы 6 шамасында Тұран ауданында тоқтатқан. Тексеру кезінде тәртіп сақшыларының көзіне скотчпен оралған темекі қорабы түскен.
Автокөлік жүргізушісі қаптамада не бар екенін білмейтінін және оны ағасы салып жібергенін айтып, туысына қоңырау шалды. Телефонға жауап берген ер азамат інісе қорапты лақтырып жібер деп тапсырды.
Қаптамадағы есірткі заты кептірілген марихуана болып шықты.
Есірткі жолдаушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Тұран АПБ-ның анықтаушыларымен жайт бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, жинақталған іс материалдары сотқа жолданды.

Шымкент қаласы ПД