Қала әкімі Майра Мұхамедқызын мерей тойымен құттықтады

Майра

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, П.И. Чайковский атындағы байқаудың елдегі жалғыз лауреаты Майра Мұхамедқызын 55 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Майра Мұхамедқызы – әйгілі опера әншісі, Париждің “Гранд операсында” өнер көрсеткен Қазақстанның тұңғыш және жалғыз солисті. Ол «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері және «Тарлан» сыйлығы мен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Қала әкімі өз құттықтауында Шымкент қаласы мен Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Майра Мұхамедқызына ризашылығын білдірді және оған денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тіледі.