Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында ағымдағы жылдың 28-30-қараша аралығында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Үш күнде бес бас мал ұрлығы фактісі тіркеліп, олар кезекші тәулікте ашылды.
Патрульдік полиция полкінің инспекторлары кезекті рейд жүргізу барысында қала аумағынан мал тасымалдап жүрген 42 автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жалпы 5 жылқы, 19 ірі қара, 22 қой және 11 дана ет салатын арнайы бөшкелер анықталып, аудандық Полиция басқармаларына жеткізілген.
Ауқымды шара барысында 44 мал шаруа қожалықтары, 11 мал соятын арнайы орындарға тексеру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, бұған дейін ұрланған 10 бас мал өз иелеріне қайтарылды. Оның ішінде: үш бас ешкі, бір қошқар, бес қой, бір жылқы.
Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) сәйкес — 40 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша – 26 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабымен (Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) 3 хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар осы шараның барысында Шымкентте екі күнде бес бас мал ұрлығы фактісі тіркеліп, олар кезекші тәулікте ашылды.
Ауқымды шара барысында қала көлеміндегі барлық базарларда, соның ішінде ұрланған мал сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін орындарда шұғыл тексеру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ет өнімдерін алып-сататын дүкендер, ет тасымалдайтын автокөлік пен 23 шаруа қожалықтары тексерілді.
Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) сәйкес 19 хаттама толтырылды. Мал иелеріне қатысты 68 917 (алпыс сегіз мың тоғыз жүз он жеті мың) теңге айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабымен (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша 4 хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.
Ұрыны ұстау, қылмыстың жолын кесу – полицейлердің міндеті. Дей тұрғанмен, шаруаға да бейқамдық танытуға болмайтынын ескерген жөн.
Осы ретте, тәртіп сақшылары мал егелеріне жайылымдағы түліктердің құлақтарына таңба мен ен салып, барымташының құрбаны болмас үшін малдарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.