Аудан әкімі Арман Сәбитов Манкент елді мекеніндегі Айнабұлақ көшесі бойындағы шлакоблок өндіретін кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіруді тапсырды. Бұл ретте, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, ауылдық округ әкімі Абдиғани Сайтмуратов, жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері, құрылыс, сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдерінің мамандары 21 шлакоблок өндіретін кәсіпкерлік нысандарды анықтады.
Аралау барысында заңсыз жұмыс жасап жатқан 4 шлакоблок өндіретін орын иелеріне айыппұлдар салынып, жұмысы тоқтатылды және құжаттарын рәсімдеп, заңдастыруға нұсқама берілді.
Ашық алаңда жұмыс жасап жатқан 8 кәсіпорын иелеріне шлакоблок өндіру алаңшаларын қоршауға алып жұмыс жасауға ескертулер берілді. Кәсіпкерлердің әрбірімен жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңды түрде жұмыс жасаудың маңызды екендігі жеткізілді.
Алдағы уақытта заңсыз жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлік нысандарды анықтап, заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табатын болады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі