Масылдық — қоғамның дерті

масылдық

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша елімізде жұмыссыздар саны 452,7 мың адамды құрады. Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7 пайыз. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына 68 мыңы ғана жүгінген. Жұмыссыздардың басым бөлігі екі қолға бір күрек табуға әрекет жасап көрмеген. Алайда өз қамын өзі күйттеп жүрген жастар да жоқ емес. Еңбекқор жандардың бірі -Назарбай Мырзахан.

 Ынталы жасқа жұмыс көп. Бұл Назарбай Мырзаханның өмірлік ұстанымы. Мектептен кейін колледж бітірсе де  бала күнгі арманы құрлысты таңдады. Қазір үйдің ірге тасынан бастап бүкіл жұмысын өзі атқарады. Жылы еден, дуалды әрлеу, бөлме төбесінде өрнектеу де  қолынан келеді. Нысанның электр желісін де өзі жинақтайды.  Шаруасына қажетті құралдарды да өзі түгендеп алған.  Назарбайдың қызметіне сұраныс жоғары. Іскер жігіт құрлысы қайнаған қалада жұмыс жоқ дегендерге таңырқай қарайды. Ер азамат орайы келсе орақ шалып, кез келсе кетпен ұстауға дайын болу керек –дейді ол.

—  «Әрине жұмыс көп істеймін деген адамға екі қолға бір күрек табылады. Дегенмен көп адамдар ерінеді мынандай жұмысқа қызықпайды. Бала күннен қызығам осы кәсіпке табысым өзіме жетерлік», -дейді  Назарбай Мырзахан,.

Масылдық — қоғамның дерті. Ел ішінде 30-ға келседе ата — анасының желкесіне мінген жастар бар.  Аяқ-қолы балғадай жігіттер жұмыс жоқ деп жатудан  арланбайды. Шымкентте 30 мыңнан астам адам жұмыссыздар қатарында. Жыл сайын мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар ұсынылып нәпақасын табуға мүмкіндіктер беріліп отыр. Әрекетте берекет бар. Істің көзін тауып өзін ғана емес отбасын асырап жүрген Назарбайдың тірлігі талайға үлгі.

Жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресте мемлекет белсенді іс-шаралар жүргізуде. Осы мақсатта 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру шеңберінде 4,2 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2024 жылы осы бағыт бойынша барлығы 8,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,3 мың адам, Шымкент қаласында – 1,1 мың адам, Алматы облысында – 302 адам және Жамбыл облысында – 264 адам тіркелді. Жобаға қатысатын әйел азаматтар үлесі 59,1% немесе 2,6 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі 2,3 мың адамды немесе 52,9% құрайды.



Be the first to comment on "Масылдық — қоғамның дерті"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*