Масылдық мақтанатын іс емес

Масылдық мақтанатын

«Алма піс, аузыма түс». Бұл мақал бүгінде ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүргісі келетін біраз адамның ұстанымы. Ешқандай еңбек етпей, сәтсіздігін мемлекеттен көретін жатып ішер жалқаулардың бар екені жасырын емес.Тіпті, әлеуметтік көмек үшін табысын азайтып көрсететіндер де бар.  Олар бұрын да болған. Қазір де бар. Мемлекет масылдықтың алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар тізбесін түзген.

Жеңіл өмірге үйрену отбасылық тәрбиден басталады, кейін ол мінезге ұласады. Сондықтан да бала шақтан болашақты ойлау аса маңызды, — дейді бүгінгі жастар. Олардың айтуынша, масыл болу жас-кәріге қарамайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда осы түсінікте жүріп, жастайынан еңбекке ерте араласып жүргендер баршылық. Соның бірі студент Ұлмекен Назар білім алумен қатар бос уақытында жұмыс істейді.

–«Қоғамдағы кез-келген азамат адам болсам, адал болсам, ата-анама халқыма еңбек етсем, жақсылармен жанаса жүріп, солардан үйренсем дейді. Адал адам еш нәрседен қорықпайды. Өкінішке орай, қоғамдағы мына бір келеңсіз көрініс туралы да айтқым келеді. Бүгінде ұсынылған жұмыстан бас тартып, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке қол жайып күн көруді әдет қылған адамдардың қатары азаймай тұр. Бұдан бөлек, өзі несие алып, қарызын қайтаруға келгенде құлықсыздық танытатын да азаматтар бар. Бұл барып тұрған масылдық психология! Мұндай ойды түбегейлі өзгерту керек», дейді Ұлмекен Назар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында елдегі патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық мәселесін жиі көтереді. Президенттің айтуынша, Қазақстан Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет ретінде қиын жағдайға тап болғандарға көмектесуге міндетті, бірақ кейбір қазақстандықтар мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланады, сондықтан мұнымен күресу керек.

 Масылдық мінез ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық және тағы басқа қылмыстардың көбеюіне жол ашуы мүмкін. Психологияда сол себепті отбасы дейтін шағын мемлекетте баланы әркез еңбекке баулу қажет. Қаржылық сауатын арттырып, теңгенің тиыннан құралатынын түсіндірген абзал, — делінген.

Елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы мен халықтың нақты кірісінің төмендеуі патерналистік көңіл-күйге тікелей қатысты. Кейінгі кездері қоғамда тәуелділік, әлеуметтік масылдық туралы және олардың алдын алу шаралары жайлы жиі жазылып, талқыланып жатыр. Жастар жағы да «Алма піс, аузыма түс» дейтін масылдық психологиядан арылуға шақырды.



Be the first to comment on "Масылдық мақтанатын іс емес"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*