Мақтаарал ауданы полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесін ерекше атап өтті. Бөлімде өздерінің қызметтік міндеттерін жоғары дәрежеде атқарып, Мақтаарал ауданы тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда қоғамдық тәртіп сақшысы ретінде және қылмыспен күресте қосқан елеулі үлесі үшін ҚР ІІМ-нен 2, Түркістан облысы Полиция департаментімен — 1, Мақтаарал ауданы әкімдігімен — 15, Мақтаарал ауданы мәслихатымен — 12 және Мақтаарал ауданы полиция бөлімімен — 10 үздік қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар ардагерін қазынасына теңеген қазақ әрқашанда үлкенге қарап бой түзеп, алдыңғы буынға ілтипат көрсетіп жүреді. Үлкенін құрметтеген елдің еңсесі биік, керегесі кең. Сол саналы салттан алыстамау мақсатында бөлім басшылығы және жеке құрам еңбегі еленіп, құрметті демалысқа шыққан ардагерлерді шақырып мерекемен құттықтады. Мақтаарал ауданында өзінің қызметтік міндеттерін жоғары дәрежеде атқарған және қылмыспен күресте елеулі үлес қосқан марқұм полиция аға сержанты Адилхан Аимбаевтың жұбайы Болсынай Аимбаеваны арнайы шақырып, мерекесімен құттықтап, сый-сияпат пен гүл шоқтарын табыстады.Іс-шара соңында аудандық өнерпаздардың полиция қызметкерлеріне арналған мерекелік концерт қойылды. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
ТО ПД баспасөз қызметі