Медиация деген не — тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Медиатор араздасушы екі жақ тараптармен жеке әңгімелесіп барынша әділетті және ұтымды амалдарды қолданады.
Жетісайда кәсіпкерлік мектебі ғимаратының мәжіліс залында «Медиацияны жетілдіру қоғамға тиімді» тақырыбында жиын болып өтті.
Жиынды Халықаралық медиация орталығының заңгер медиаторы, би Умирзаков Бауыржан Сапарбайұлы өткізді.
Жиынға Халықаралық медиация орталығының медиаторы Умирзаков Бауыржан Сапарбайұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары Д.Жақыпбаев, Аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекова, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, «Асыл қазына және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-нің психологтары, этномәдени бірлестік мүшелері және мектеп психологтары қатысты.
Жиын барысында кәсіби медиатор Б.Умирзаков азаматтардың құқығын қорғау жағынан медиация тәсілдерінің маңызы үлкен екенін айта келіп, бұл соттың да жұмысын жеңілдетіп, оның сапасы мен тиімділігін арттыратынын атап өтті. Бітімгершілік заңдылықтарын жаңғырту, кадрларды дайындау, бірлескен бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу жөніндегі мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.