«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, 10-қазан – Кәсіподақтар күні және Бастауыш кәсіподақтар ұйымы жылына орай салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шара барысында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, марапаттады.Шарада Ең үздік кәсіподақ ұйымына 250 мың теңгелік қаржылай сыйақы, 10 кәсіподақ мүшесіне қайырымдылық көмек (50 мың теңге), сондай-ақ, 2 кәсіподақ мүшесіне арнайы төсбелгі, 11 кәсіподақ мүшесіне Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды.Айта кетейік, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының құрамында 31 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 12 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы