Мезі қылған иесіз малдың машақаты  мәслихат отырысында талқыланды

Мегаполис мәртебесін алсақ та Шымкентте жол бойында, тіпті қаланың қақ ортасында жайылып жүретін үй жануарларын көруге болады. Бұл мал иелерінің жауапкершілігінің төмендігінен.  Бұл жағдай сізді мезі қылса, иесіз жайылып жүрген малды үйіңізге кіргізіп, 60 күнде ешкім іздеп келмесе оны өз атыңызға жазып алуға болады. Бұл туралы Шымкент қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы мәлімдеді. Әбунасыр Жанбатыровтың айтуынша, бұл шешім төрт-түлік асырайтын азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдануда.

         «Шымкент қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы: «Әкімшілік Кодекске сәйкес, егер егесіз жайылып жүрген малдар болатын болса, оны ұстап алған адам немесе кез-келген адам 60 күнде егесі табылмаса, оны өз иелігіне алуға болады. Немесе оны өз кәдесі жаратуға болады. Оған дейін табылып қалса, иелесі 60 күнге кеткен шығынды өтеп қана малын әкете алады», дейді мамандар.

          Айта кетейік, қалада үй жануарларын ұстау талаптары дұрыс орындалмай жүр. Тіпті оны бордақылау да көп сауал тудырады. Нақтырағы, сойылған малдың қалдықтарын кәрізге төгетіндер бар. Ал ол кәріз қайда барады, біз осылайша дүниежүзілік экологияға залал келтіргені олардың ойына да келмейді. Бұл мәселені Шымкент қалалық мәслихат депутаттары назарға алып, тұрғындарды мезі қылған тақырыпты көтерді. Қаланың қақ ортасында, тіпті әкімдік жанында жайылып жүрген сиыр, қой көптің күлкісін тудырған еді бірнеше жыл бұрын. Алайда, бұл мәселе әлі де өзекті. Үй жануарларын ұстау талаптарын сақтамай жүргендер жетерлік. Тәртіп бұзғандарға көрілетін шара жайында депутаттар жауаптылардан сұрады.

         Аудан әкімдері мен полиция ғана емес, қосымша ірі қараларды бақылауда ұстайтын арнайы сектор болуы керек – дейді депутаттар. Қалаулыларды толғандырған кезекті мәселе – мал сою ісі. Бордақылаумен айналысатындар үшін арнайы орын болуы керек. Қаланың жартысы ет сатып алатын орындарға ветеринарлық инспекция жауапты. 

         Сессия барысында «қала аумағында жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 наурыздағы №62/536-6 с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізілді. Жан-жануардың көшеде жүрі көлік жүргізушілер мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін де қатерлі болып отыр. Депутаттар шаһар орталығындағы тұрғындарға кейбір мал түрлерін ұстауға тиым салуды да ұсынып отыр.  

Ntime.kz