Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №86 жалпы орта білім беретін мектебінде 14.09.2022ж. күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің құрамы, ата- аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер мен ұстаздары қатысты.
Жиналыстың күн тәртібі:
1. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы.
2. 2022-2023 оқу жылына жоспарланған жұмыстар.
3. Мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту. 2022-2023 оқу жылындағы оқушылардың мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығымен таныстыру.
4. Ата-аналар комитетінің құрамын сайлау, комитет мүшелерінің міндеттерін бөлу, ата-аналардың міндеттерімен таныстыру.
5. Әртүрлі мәселелер ( құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздік, өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау.оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. «Аутодиструктивтік мінез-құлықтың алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу»т.б ). Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
Жиналыста күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып, жаңа оқу жылындағы ерекшеліктері мен өзгерістер туралы және мектептің ішкі тәртіп ережелері жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Жиналысқа келген ата- аналар жаңалықтардан хабардар болып, өз ойларындағы бірнеше сұрақтың жауабын алды.