Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің міндеттерінің бірі – тиісті әкімшілік
-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды тұжырымдау.
Бәрімізге мәлім, Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 13 сәуірде Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы № 872 Жарлығы қабылданған.
Аталған Жарлықта белгіленген мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында, 2022 жылдан бастап Департамент тарапынан өңірлік деңгейде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл атқарылып жатқан қызметте көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың қайталанатын және артық міндеттерін, функцияларын; артық, шектен тыс, негізсіз талаптарды және (немесе) шығындарды; алдамшы, жалған және негізсіз, оның ішінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты қызметті; құқықтық актілердің, ақпараттық жүйелер мен ресурстардың, сондай-ақ басқарушылық қызметтегі олқылықтардың орнын толтыруға және кемшіліктерін жетілдірудегі кедергілерді жою жөніндегі міндеттер қойылып отыр.
Кедергілерді анықтау кезең-кезеңімен жеке дара тақырыптық бөліністерге сәйкес жүргізіліп келе жатыр.
Жалпы бүгінгі күнге дейін республика көлемінде Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен 550-ден астам бюрократиялық кейстер мен оларды шешу жолдары туралы ұсыныстар әзірленді.
Өз кезегінде, жыл басынан Департаментпен Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша «Құрылымдық және аумақтық департаменттер директорларының (басшыларының) орынбасарларының болу орындылығы», «Субсидиялар беру кезінде қолданылатын субъективті критерийлерді және мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын алып тастау», «Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық», «Мемлекеттік органдарда кадр, қаржы және заң қызметтерін орталықтандыруды жүргізу тиімділігінің мониторингі формализмді барынша азайту және басқару шешімдерінің сапасын арттыру», «Мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау бюрократия мен әуре-сарсаңның белгілерін анықтау және азайту», «Өңірлік даму» бағыттарына қатысты жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша 52 ұсыныс жолданған.
Сондай-ақ, су ресурстары және ирригация салаларын бюрократиядан арылту бойынша жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша 56 ұсыныс жолданған.
Мәселен, Депаратментпен қазіргі таңда облыс көлемінде өзекті тақырып болып саналатын «Атқарушылық геодезиялық түсірілімді мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеуді оңтайландыру бағыты» бойынша талдау жүргізіліп, арнайы прблемалық мәселе анықталды.
Өз кезегінде, Түркістан қаласындағы «Мемқалақұрылыскадастр» РМК Түркістан филиалы атқарушылық геодезиялық түсірілімді мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеуді жүзеге асырады.
Қазіргі таңда, облыста әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты, қабылданатын объектілер, яғни, жеке тұрғын үйлер, мемлекеттік нысандар, кәсіпкерлік бағыттағы объектілер, инфрақұрылым жүйелері және т.б. нысандар пайдалануға қабылдануда.
Ағымдағы жылдың 2 айының қорытындысы бойынша 3000-ға жуық объектілер тіркеуге өткізілген.
Алайда, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасына атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу үшін, жеке және заңды тұлғалар облыс орталығы – Түркістан қаласына барып, тіркеуге мәжбүр болып жатыр.
Бұл тұста, түсірілген атқарушылық геодезиялық түсірілімнің немесе құжаттардың қате болуына байланысты 2-3 рет барып келу, шалғай жатқан аудандардың тұрғындарына қиындық туғызуда.
Осыған орай, дайын болған атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу «Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет веб-порталына онлайн түрде құжаттарды қабылдау қызметін іске қосу немесе қағаз жеткізгіште қабылдау бойынша әр ауданның халыққа қызмет көрсету орталықтарына «Мемқалақұрылыскадастр» РМК Түркістан филиалының маманын құжат қабылдау бойынша өкілі ретінде отырғызу ұсынылды.
Нәтижесінде, атқарушылық геодезиялық түсірілімді тіркеу үшін Түркістан қаласына бармай онлайн немесе тұрғынның тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан орталыққа барып тапсырады. Сонымен қатар, тіркеу қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізіледі.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығы мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін бағалау, оның ішінде бюрократия мен
әуре-сарсаңның белгілерін анықтау мен азайтуға бағытталған.
НАУРЫЗБАЕВ Абылайхан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы