Электрондық каталогтан сатып алынуы тиіс тауарлар Қаржы министрлігі бекіткен арнайы тізімге енгізілген. Тауарлар тізіміне кеңсе заттары, тұрмыстық тауарлар, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлар кіреді. Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енді.
Электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлар тізбесіне тауарлардың мына санаттары кірді: кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары.
Осылайша, осы тізбеге енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде ұсынылатын тауарлардың техникалық ерекшелігі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша электрондық каталогтан қалыптастырылатын болады (3-қосымша).
Осыған байланысты, аталған санаттар бойынша тауарларды жеткізетін әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап өз тауарларын Тауарлардың электрондық каталогына алдын ала тіркеуі қажет.Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ электрондық каталогты құрудың және оның жұмыс істеуінің үйлестірушісі болып табылады.
Сонымен қатар, электрондық каталогта әрбір тауарға бірегей код – KZTIN беріледі, оның көмегімен тауар мемлекеттік сатып алу процесінде сәйкестендіріледі, сондай-ақ техникалық ерекшелік автоматты түрде қалыптастырылады.Бұл ретте, тауарларды тіркеу, код беру және өзге де функциялар барлық пайдаланушыларға өтеусіз негізде ұсынылады.
Бұл өзгерістер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті дамыту және бағаларға талдау жүргізу мақсатында іске асырылды.Оған қосымша, электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлардың санаттарын кеңейту және басқа салаларда қолдану жоспарланғанын атап өтеміз.
Ntime.kz