Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасының «Әділдік» тұғырнамасын жүзеге асыру мақсатында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – бірлестік) құрылды. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, сонымен қатар қоғамның жем-қорлыққа қарсы белсенділігін және оның көріністеріне деген төзбеушілікті арттыру мақсатында 2020 жылдың желтоқсанында «Әділдік жолы» РҚБ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі меморандумға қол қойды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамдық бірлестіктердің қатысуын көздейді. Бірлестіктің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру, адалдық идеологиясын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою болып табылады. Бірлестіктің жұмыс барысында мемлекеттік сатып алу саласында мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында «Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі автомобильдік жолдарды күтіп ұстауға 22 296 828 теңгеге конкурс жариялайды. 2022 жылдың 24 мамыр жарияланған #7554888-ОК1 хаттамасына сай «TABYSGROUP» ЖШС жеңімпаз деп танылып, 21 627 920 теңгеге келісім шарт түзіледі.
Сонымен қатар, конкурс барысында «Айым-2020» ЖШС және «Канат» ЖШС әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері конкурстық құжаттамаға сай емес деген тұжырымдамамен кері қайтарылған.
Алайда, аталмыш конкурстың техникалық ерекшеліктерін зерделеу барысында «Шақпақ баба» ауылының РЗД көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізуден басқа ешқандай талаптардың жоқ екені анықталды. Бірақ, Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 21 бабының 2 тармақ 3 тармақшасына назар аударсақ, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде жұмыстың ауқымы, талаптары толық жазылу керек. Бұл талап әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысар алдын жұмыстың ауқымы мен құнын анықтау үшін қажет.
Олай болса, қалайша «TABYSGROUP» ЖШС өтінімі конкурс талаптарына сай, ал «Айым-2020» ЖШС және «Канат» ЖШС өтінімдері конкурс талаптарына сай болып шығады? Бұл мәселе біз үшін түсініксіз. Өйткені заң аясында үш өтінім де конкурстық талаптарға сай болып тұр.
Дегенмен де, «Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан конкурс өткізу барысында Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 4 бабында көрсетілген конкурсқа қатысушыларға тең мүмкіндік беру принциптері сақталмағаны айдан анық.
Конкурс өткізу барысында әлеуетті өнім берушінің өтінімдерін негізсіз конкурс талаптарына сай келмейді деп мойындап, конкурстан шеттетілуі Мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу болып танылады, және ҚР ӘҚбК-ң 207 бабы 7 бөліміне сай жауапты тұлғаларға 50 АЕК, яғни 172 500 теңге айыппұл қарастырылған.
Аталмыш заңбұзушылық бойынша «Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облысы бойынша филиалы жауапты уәкілетті органдарға хат жолдады.
«Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облысы бойынша филиал жетекшісі Амангелді Қалыбек