Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті

Бүгін Түркістан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Қуаныш Баймахановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және оның алдын алуға Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім филиалы қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Жиын барысында, әдептілік нормаларының сақталуын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан республикасы Заңын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығы, қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету, өз міндеттеріне шынайы көзқараспен қарау, жеке және заңды тұлғалармен, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға шақырды.



Be the first to comment on "Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*