Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жетілдірілуде

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бір бағыты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Осы орайда, Департаментпен әлеуметтік қорғау, тұрғын үй, жер қатынастыры және т.б. салалар бойынша қызметтерді жетілдіру бойынша 30-дан астам ұсыныстар әзірленді.
Мәселен, Департаментпен Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызметінің қағидасына өзгеріс енгізу бойынша төмендегідей ұсыныс жолданған болатын.
ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 2-тарауының 6-тармағының 5-тармақшасында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін жер комиссиясының оң қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жолдайтыны көрсетілген, алайда, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда қызмет алушыға қорытындыны беру мерзімі реттелмеген болатын.
Ал, ҚР Жер Кодексінің (әрі қарай — Кодекс) 43-бабының 2-тармағында жер комиссиясы қорытындысының бір данасы оң немесе теріс шешім болған жағдайда қол қойылған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жолдану қажет екендігі көрсетілген.
Бұл жағдай өз кезегінде көрсетілетін қызметті алушылар мен көрсетілетін қызметті берушілер арасындағы дауға алып келу тәуекелдері болған.
Осыған сәйкес, бұйрық пен Кодекс арасындағы құқық нормаларының колизиясын болдырмау мақсатында ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы №301 Бұйрығының 10-қосымшасында жер комиссиясының теріс шешімін беру мерзімін жер комиссиясының шешіміне қол қойылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнде қызмет алушыға жолдау деп көрсету жайлы ұсыныс жолданды.
Нәтижесінде, ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы №301 Бұйрығының 10-қосымшасына уәкілетті мекеме тарапынан тиісті ұсыныстар енгізіліп, аталған бұйрық Кодекс нормаларына сәйкестендірілді.