Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңашылдықтар бойынша семинар өткізілді

семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы әкімдігінде өңірдің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мамандарына семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты, мемлекеттік қызмет көрсетуде қызметті алушыларға қолайлы жағдайдың болуы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оның сапалылығы, сервистік және клиентке бағдарланған ұстанымды қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізу болып табылады.  

Семинарға Департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Е.Жұмабаев, Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Даткаев және Республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева және жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетудегі жауапты мамандары қатысты.

         Күн тәртібінде, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы бақылау жүргізу кезінде «E-qyzmet» ЫАЖ-де рөлдердің тиісті түрде тағайындалуын қамтамасыз етуі, мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандарының ақпараттық жүйелерде жұмыс жасау барысында ақпараттық қауіпсіздікті сақтауы, электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) үшінші тұлғаның пайдаланбауы және тағы басқа сол сияқты мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысындағы туындаған мәселелер болды.

Кездесу соңында семинарға қатысушы қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын мамандардың тәжірибеде орын алып жатқан мәселелері бойынша сұрақ-жауаптар, нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер талқыланды.