Мерзімі өткен жеке куәлік үшін айыппұл қанша мөлшерде?

Күйбең тіршіліктен қолы тимейтін тұрғындар тіпті жеке басын куәландыратын құжатының мерзімі өтіп кеткенін аңғармай қалатыны жасырын емес. Мерзімі өткен жеке куәлік үшін айыппұл канша мөлшерде? Түркістан облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» Түркістан облысты бойынша филиал мамандары жауап береді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы қала тұрғындарына құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуын күтпей-ақ, жеке куәлікті ертерек ауыстыруға кеңес береді. 2021 жылы  шымкенттік ХҚО-ларда жеке басты куәландыратын  129 мың  құжат берілді.

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, ХҚО-ға құжаттарының мерзімі өтіп кеткен клиенттер жиі жүгінеді. Ал ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз бір айдан астам жүруі 7 АЕК мөлшерінде айыппұлдың салынуына әкеп соғады.

«Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады.Сондай-ақ спикер жеке куәлік қазақстандықтарға 16 жастан бастап берілетінін атап өтті. Алғашқы құжатты алу үшін жасөспірім ата-анасының бірімен ХҚО-ға жүгінуі керек. Өтініш беру үшін туу туралы куәлік, төлқұжат (бар болса) және мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек тапсыру қажет.

Туу туралы куәлікте тегін немесе атын өзгерткен, некеге тұруға/бұзуға байланысты тегін өзгерткендер де бір ай ішінде құжатын жаңартуы тиіс. Айта кетейік, жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу қызметін ХҚО-да отыратын көші-қон полициясының қызметкерлері ұсынады.

Паспорт мерзімі өткен жағдайда айыппұл қарастырылмаған. Ол шетелге шығу үшін пайдаланылатын құжат. Төлқұжат алу үшін кез келген ХҚО-ға жүгінуге болады. Мемлекеттік баж мөлшері – 8 АЕК.

Ntime.kz