Мүгедектігі бар азаматтарған арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Мүгедектігі бар

Шымкент қаласында  мүгедектігі бар азаматтарған арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараны «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды.

«Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығында өткен жәрмеңкеге 15 мекемеден 500-ге жуық тұрақты бос жұмыс орындары және субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 701 мекемеден 1 079 уақытша бос орындар ұсынылды.

Атап айтқанда, субисидияланатын жұмыс орындарынан, яғни мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, «Күміс жас» жобасы бойынша 389 мекемеден 461 орын, ал «Қоғамдық жұмыс» жөнінде 312 мекемеден 618 орын жайында ақпарат берілді.

Жәрмеңкеге 50-ден астам мүгедектігі бар азамат қатысып, 11 адам тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірген. Қалған азаматтарға мамандар жұмыспен қамту шараларына қатысу және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту бағыты жөнінде кеңестер берді.

Биыл Шымкент қаласында 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде 1 368-і мүгедектегі бар азамат. Осы жылдың 14 тамыздағы мәліметке сәйкес, 762 ерекше жан жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Олар – 7 адам «Әлеуметтік жұмыс орындары», 20 адам «Жастар практикасына», 120 адам «Қоғамдық жұмыс» орындарына, 21 адам «Алғашқы жұмыс» орнына, зейнеткерлік жасқа дейінгі 34 адам «Күміс жас» жобасына, 261-і «Бастау-Бизнес» жобасы аясында онлайн платформада білім алса, 70 адам комиссияның шешімімен қайтарымсыз берілген, 229 адам бос орындарға тұрақты жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға арналған квота бойынша 54 мекемеге 200 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінгі таңда, 39 мекемеге 111 азамат жұмысқа орналастырған немесе 55,5% орындалды.