Аударымдардың, жарналардың немесе өсімпұлдардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ-ға өтініш беру қажет.
Іс-қимыл тәртібі:
Қате төленген кезеңдер үшін түбіртектерді тіркеу арқылы үлгі бойынша өтінішті толтырыңыз.
Егер өтінішті жұмыс беруші берсе, пайдасына жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш талап етіледі.
Өтініш бланкілері
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін мынадай құжаттардың қосымшасы міндетті болып табылады:
Қызметкердің келісімі туралы өтініші
Анықтама-растау
Қайтарудан бас тартылуы мүмкін, егер:
- Өтініште банктік деректемелер қате енгізілсе
- Өтініш ҚР ДСМ 2017ж. 30 маусымдағы №478 бұйрығындағы 1-қосымшаға сәйкес келмесе
- Өтініште қайтару себептері дұрыс емес көрсетілсе
- Өтінішке құжаттардың толық пакеті бекітілмесе немесе құжаттарды оқу қиын болса
- Ақшаны қайтаруға ешқандай негіз болмаса
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, белсенді болса
- Қайтаруды ҚР-да уақытша болатын шетел азаматы немесе оның отбасы мүшесі ресімдейді.
У.Тилеубергенова, Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары