Наурыз мерекесі — жылулық мерекесі

наурыз

Бес мың жылдық тарихы бар Наурыз мерекесі әлемге жылулық әкеледі. Табиғат ана құлпырып, жер-ана бусанып, жұмыр жер бетіндегі жанды нәрселердің бойына қан жүгіреді, ағаштар бүршік жара бастайды.

Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыстан аман шыққан халық айналасынан сүйінші сұрап, ұлан-асыр той жасап қарсы алатын болған.

Жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі атанған бұл күні барша қазақстандық бір-бірін жыл басымен құттықтап, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады.

Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы

«Қуаныш» ЖШС-нің директоры, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.