Неліктен 7 саны маңызды және айтыс қайдан басталды

айтыс

Наурыз мерекесі қарсаңында Yandex Qazaqstan осы мейрам туралы Нейродан не сұрайтынын анықтады. Компанияның талдаушылары қазақстандық қолданушылардың сұраныстарын зерттеп, ең өзекті мерекелік тағамдардың ондығын жасады.

Наурыз туралы не сұрайды

Қазақстандық қолданушылар Yandex іздеуіндегі Нейродан Наурыз туралы әртүрлі сұрақтар қояды. Мысалы, олар 7 санының бұл мейрам үшін неге маңызды екенін, Наурызда неге ағаш отырғызу дәстүрі барын, айтыс дәстүрі қалай пайда болғанын, Наурызбен байланысты қандай әдемі дәстүрлер бар екенін және бұл мейрамның ЮНЕСКО тарапынан не үшін мойындалғанын білгісі келеді.

Әр сұраққа Yandex іздеуіндегі Нейро интернеттегі барлық қолжетімді деректерді пайдалана отырып, қысқа да нұсқа жауап береді. Мысалы, 7 санының маңыздылығы туралы сұраққа жауап ретінде ол жеті күндік аптаға байланысты екенін, сондай-ақ, наурыз-көженің жеті ингредиенттен тұратынын түсіндіреді. Ал мерекелік дәстүрлер арасында Нейро бұлақ көздерін тазалау, түрлі сайыстар мен ойындар, сондай-ақ, салттық от жағу дәстүрін атап өтеді.

Наурызға арналған ең танымал 10 тағам

Топ-10 тағам тізімін жасау үшін сарапшылар 2024 жылдың наурыз айында Yandex іздеу жүйесінде қазақстандық қолданушылардың кулинарлық сайттарға ауысқан сұраныстарын санады. Кейіннен олар 20–22 наурыз аралығындағы сұраныстардың санын айдың басындағы 6–8 наурыз аралығындағы көрсеткіштермен салыстырды.

Өткен жылы Наурыз мерекесі күндері ең үлкен қызығушылық наурыз-көжеге артқан. Екінші орында – бауырсақ, үшінші орында – құймақ (блины). Наурыз-көже наурыздың басымен салыстырғанда 15 есе жиі ізделсе, бауырсақ – 12 есе, ал құймақ – 1,5 есе жиі сұралған.

Ең көп сұралған 10 тағамның көшін наурыз-көже бастады. Екінші орында – бауырсақ, үшінші орында – құймақ. Төртінші және бесінші орындарға тиісінше жаворонки мен бесбармақ жайғасты. Тізім келесідей:

Наурызда ең көп ізделген 10 тағам (20–22 наурыз бен 6–8 наурыз аралығындағы сұраныс айырмашылығы бойынша)

  1. Наурыз көже
  2. Бауырсақ
  3. Құймақ
  4. Қарақұйрық
  5. Бесбармақ
  6. Чак-чак
  7. Палау
  8. Қытырлақ
  9. Самса
  10. Жент

Астанада қолданушылар ең көп наурыз-көже, бауырсақ және бесбармаққа қызығушылық танытқан. Алматыда алғашқы екі орын өзгеріссіз қалғанымен, үшінші орынға құймақ шыққан. Ал Тараз бен Павлодарда ең жиі ізделген тағам – бауырсақ болды.