Облыс әкімі тұрғындардың арызымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдерге халықпен тұрақты түрде жиі-жиі кездесіп, олардың талап-тілектері мен мұң-мұқтаждарын мүмкіндігінше жедел шешіп отыруды міндеттегіні белгілі.

Жаңа форматта және ашық аспан астында тұрғындармен кездесулер жалғасуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл жолы Отырар ауданының тұрғындарымен аудандағы қордаланған мәселелерді бірге талқылады. Көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастырдық. Заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономиканы құру және дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады. «Шағын бизнестен көп үміт күтеміз. Облысымыздың халқы өте еңбекқор. Соның нәтижесінде шағын кәсіпкерлік бойынша көш басында келеміз. Өңірімізде жеке кәсіпкерлерді қолдауға күш салынады. Әрине бизнес бастау оңай шаруа емес. Креативті экономика деген бар. Жоқ жерден, ойламаған жерден кәсіп түрлері ашылып жатыр. Өңірде шағын кәсіпкерлер саны артып келеді. Осы бағыттан таймауымыз керек» деді өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев

Ауданда Түркістан-Отырар жолының құрылысы аяқталып, ардагерлерге арналған орталық ашылмақ. Қоғам ауылына газ келді. Ұзындығы 25 шақырымнан асатын газ құбыры арқылы 2 мыңға жуық халық табиғи газбен қамтылатын болды. Бүгінде 20-дан астам елді мекенде газ тарату жүйесі жүріп жатыр. Қарқынды жұмыстар нәтижесінде ауданның 70 пайызы газбен қамтылатын болады.

Отырарда инвестиция көлемі 17 млрд. теңгені құрап, егіс көлемі 35 мың гектарға жеткен. 17 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Балтакөл елді мекенінде мәдениет үйі салынды. Маяқұм елді мекеніндегі мектеп және Отырар елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілді. Биыл да жұмыстар жалғасады.

Ауданның инфрақұрылымы жақсара түседі. Кездесуден соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, мұң-мұқтажы тыңдалды.. Ауыл-аймақтардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстан бұдан кейін де өз жалғасын табатын болады. Ал, олардың дұрыс әрі сапалы орындалуы тікелей өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қадағалауында болады.

Ntime.kz