Отбасы құндылықтыры әңгіме арқауына айналды

Отбасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында еліміздің болашаққа арнаған бағдарламасын ұсынды. Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер жүктеді. Заң  шығарушы Парламент,  атқарушы Үкімет және басқа да құзырлы органдар еліміздің қарқынды  дамуы үшін жаңаша, білек сыбана қызмет ететін болады. Бір сөзбен  айтқанда, Президент мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін  бұл  іс-шара өте маңызды екенін баса  айтты.   Президент тапсырмасына сәйкес «Әділ билер» қоғамдық бірлестіктері құрылған болатын. «Әділетті Қазақстан, Әділ билер». Дәл осы тақырып аясында республикалық семинар өтті. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша «Әділ билер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысып, өздерінің атқарған жұмыстарын баяндады.

Билер кеңесінің құрамы халық арасында абырой-беделге ие парасатты, айтқан сөздері өтімді, жергілікті жерлердегі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінен терең хабары бар, сенімді және түрлі күрделі мәселелерді бірлесе әділетті шеше білетін азаматтық жауапкершілігі мол тәжірибелі жандардан құралған. Олар туындаған даулы жағдайларды шешуде дауласқан қос тарапқа  өздерінің шынайлығы мен жанашырлығын сезіндіре отырып, шешуі қиын небір күрделі деген мәселелердің түйінін тарқатуда. Бүгінгі жиында түрлі оқиғаның мән-жайы айтылды.

Елдің бірлігін басты орынға қойған «Әділ билер» кеңесі өткен жылы бірнеше іс-шараның өтуіне мұрындық болып, түрлі тақырыпта кездесулер өткізген. Осы орайда, жастар тәрбиесі мен отбасы құндылығы күн тәртібінен түспегенін бірлестіктің Шымкент қаласы бойынша филиалының  бас биі Толыбай Омашов тілге тиек етті.

«Әділ билер» РҚБ жанынан құрылған Әділ аналар кеңесі де қолдан келген көмектерін аянып қалмауда. Бірлестіктің Шымкенте 50 жуық мүшесі бар. Қыз тәрбиесіне баса назар аударған аналарымыз отбасы құндылығын насихаттаудағы еңбегі ерекше.

Бүгінгі жиында «Әділ билер» РҚБ құрамына жаңадан мүшелер қабылданып, ант берді. Өз ісін адал атқаруға уәде берген азаматтардың көздеген мақсаты бір елдің бірлігі мен ынтымағы. Сондай – ақ, семинарда белсенділік танытып, ел арасындағы дау-дамайды шешуге үлесін қосқан мүшелер салтанытты түрде марапатталды. Айта өтейік, «Әділ билер» РҚБ Шымкент қаласы бойынша кеңесінде 350 жуық мүше бар.