Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тәртіптің сақталуын, қауіпсіздік пен қылмыстың алдын алу үшін тәуліктеп қызмет атқаруда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, өткен жылы көптеген қылмыстардың төмендегені байқалады.Яғни тәртіп сақшылары 12 ай көлемінде жедел ахуалды сақтап қана қоймай, қылмыстардың санын 152-ден 114-ке төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда бөтеннің мүлкін ұрлау жайты 50,8 пайызға төмендеген, яғни 2021 жылы 32 жайт орын алса, 2020 жылы 65 жайт тіркелген. Сонымен қатар пәтер ұрлықтары да біршама азайып отыр. Олардың саны 30,0 пайызға кеміген. 2021 жылы 7 жайт тіркелсе, 2020 жылы 10 жайт орын алған. Ал мал ұрлығының тіркелуі 38-ден 17-ге төмендеген. Сондай-ақ айта кетер жайт полицейлердің тұрақты түрде жүргізген профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде 2021 жылы аудан көлемінде қарақшылық, адам өлтіру, тонау, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар орын алмаған. Сөз соңында Отырар ауданы ПБ-ның бастығы полиция подполковнигі Ермек Өсербаев: «Қазіргі кезде халық арасында интернет алаяқтарына алдану жайты көптеп орын алуда. Ауданымызда 2021 жылы 21 алаяқтық қылмысы тіркеліп отыр. Бұның бірден-бір себебі, аудан тұрғындары жеңіл табыс табу мақсатында интернет желісіндегі жарнамаларға сеніп, алданып қалуда. Осы тұста барша аудан тұрғындарын желілердегі жарнамаларға сенбеуге, құпия сөздерді ешкімге айтпауға шақырамын».
ТО ПД баспасөз қызметі