Президент пәрменіне Шымкенттіктердің пайымы қандай?

пайымы

16 маусымда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заң күшіне енді. Заң әйелдер мен балаларға, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып,  оларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жылына 12-17 жас аралығындағы 12 миллион қыз жүкті болады. Бұл әсіресе әлемнің кедей мемлекеттерінде жиі тіркелетін дерек. Қазақстанда да жағдай мәз емес, Шымкенттің өзінде жыл басынан бері 73 жүкті жасөспірім бақылауға алынған. Былтыр бұл көрсеткіш 76 болған. Қазақстанда 18-ге толмаған 100 қыздың үшеуі кәмелетке толмай жүкті болады. Сұмдық статистиканы денсаулық сақтау басқармасының мамандары келтіріп отыр. Бұл көрсеткіш — 1000 қыздың 30-ы жасына жетпей аяғы ауыр болады деген сөз. Қанша әрекет жасалса да әрекет көңіл көншітпейді. Осы мақсатта Президент жаңа заңды қабылдады. Президент пәрменіне шымкенттіктердің көзқарасы қалай? – Ntime.kz порталның тілшілері сұрап көрді.

Жанар Сейтмаханбет, Шымкент қаласының тұрғыны:

Балаларым кішкентай болса да олардың болашағы үшін қатты уайымдаймын. Кішкентай балаларды азаптаған неше түрлі жаңалықтарды естіп жаға ұстаймыз. Қазір адамдар қатігез болып барады. Оларға қарап кейінгілер бой түзейді. Менің ойымша, жазаны қаталдатса тәртіп те түзелер еді. Президент қабылдаған шешім осы олқылықтардың орнын толтырады деп үміттенемін.

Ақнұр Назар, Шымкент қаласының тұрғыны:

Мен төрт баланың анасымын. Балаларымның алды енді мектеп жасына келді. Ата-ана ретінде олардың бар жауапкершілігі жолдасым екеуміздің мойнымызда. Бар бақытымыз балаларымыз деп есептеп, солардың ертеңі үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатырмыз. Олардың қауіпсіздігі мен амандығы өз өмірімізден қымбат. Дегенмен, олар әлі кішкентай болғандықтан балаларыма ненің жақсы екенін біз білеміз. Президент қол қойған заңның әйелдерге қатысты бөлігін қолдаймын. Ал, Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен ата-ананы кінәлі ететін презумпцияға жол беретін, ата-ананың беделін түсіретін заңның орындалуына қарсымын. Ата-аналар – лоббистік қылмыскерлер емес. 

Түйін: Талқылау мен қабылдаудың барлық кезеңдерінде бұл құжат қоғамда үлкен резонанс тудырды.  Әсіресе, ата-аналар тарапынан пікір екіге жарылды. Бірі қолдаса, бірі кері пікір білдірді. Ең бастысы заң өміршеңдігін дәлелдеп, олқылықоңғарылса игі.