Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.
Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтаумен сотталған Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ол құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның «BMW» маркалы автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды.
Қазіргі уақытта полицейлер бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі