Полиция дәрілік заттарды заңсыз сату фактісін анықтады

заңсыз сату

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістандағы дәріханалардың бірінде дәрілік препараттарды заңсыз сату фактісін тоқтатты.

Полицейлер дәріхана сатушысының жергілікті тұрғынға рецептсіз инъекцияға арналған 18 дана «Димедрол» сатқанын анықтады. Бұл факт дәрілік заттардың айналымын реттейтін Заңнаманы бұзу болып табылады.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін денсаулық сақтау басқармасына жолданатын болады.

Айта кету керек, «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің мақсаты — есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және дәріханалық нашақорлықтың таралуын болдырмау.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі