Полиция Заңға енгізілген соңғы өзгерістер бойынша семинар өткізді

Полиция Заңға

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты ҚР ҚК-ға енгізілген өзгерістер, Кәсіпкерлік кодексіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қабылданған заңдар, азаматтарды құжаттандыруда заңсыздықтарға жол бермеу сынды бірқатар мәселелер қаралды.

Семинарға қалалық, аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің басшылығы қатысты.

Анықталғандай, жыл басынан бері өзгертілген заң талаптарына сәйкес отбасылық тұрмыстық санатындағы құқық бұзушылықпен жалпы 100-ден астам қылмыс тіркелген. Осы ретте полиция полковнигі Б.Айтпаев, бұл істердің сапалы тергелуіне және дер кезінде шешім қабылдауына жұмыс істеуді міндеттеді.

Сондай-ақ 2025 жылғы қаңтар айында Түркістан облысына 318.475 шетелдік келген. Оның ішінде 1049-ы уақытша тұру рұқсатын алған. Жалпы шетелдіктердің өңірімізде заңсыз жүрмеуін қадағалау қажеттігі жеткізілді.

Тағы бір заңға енгізілген өзгеріс, ағымдағы жылдың 11 наурызында күшіне енетін болады. Атап айтқанда, полиция қызметкеріне қарсы былапыт сөйлеу, құрметтемеушілік таныту, жағымсыз заттар көрсету, арандатушылық, мазақ қылу және телекоммуникация желілерін (Ұялы телефон, бейне камера т.б заттар) қолдану арқылы ар-намысына нұқсан келтірген жағдайда, сот шешімімен құқық бұзушыға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатындығы айтылды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ. Сондықтан қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол жоқ.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі