Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар болып табылады.
02.11.22. Түркістан жоғары медицина колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Сұхбат кешіне Түркістан қалалық полиция басқармасының ЖПҚ ЮП учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Өндірбай Еркебұлан Бауыржанұлы, жасөспірімдер инспекторы Талас Құрман, Емдеу ісі бөлімінің аға кураторы Баян Саухимова, жастар ісі маманы Бақдаулет Сейтжанов және Емдеу ісі бөлімінің студенттері қатысты.
Полиция қызметкерлері жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Түнгі уақытта жүрудің жасөспірімдердің өміріне қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындарда және сауда- саттық орындарында да бейнебақылау камералары өте көп екендігін, сондықтан қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді.
Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Іс-шара соңында Түркістан қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің атсалысуымен «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» тақырып аясында жүргізілген рейдтер туралы бейнеролик көрсетілді.