Полиция қызметкерлері арасындағы тәртіп пен заңдылық мәселесі талқыланды

Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне Түркістан облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы М.Асқаровтың төрағалығымен жиын өтті.

Жиында Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мен алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі