Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында аппарат басшылары және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Нартай Шынтаевтың қатысуымен жиналыс өтті. Н.Шынтаев жиын барысында еліміздегі Президенттік жастар резервіне кандидаттар іріктеу туралы сөз қозғап, әңгіме өрбітті. Жиналысқа негізінен аталған бағдарламалық іріктеу талаптарына сай келетін жасы 35-тен аспаған , 5 жыл еңбек өтілі бар,сондай –ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден жоғары меңгерген Полиция департаментінің басқарма, бөлім қызметкерлері қатыстырылды. Жиналыста сөз алған жетекші маман Ыдырысұлы Елбасы қатысушыларға жастар резервіне іріктеу туралы біраз ақпараттармен бөлісіп , оның өткізілу кезеңдері мен талаптары туралы рет – ретімен тарқатып айтып берді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі