Нұра ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекемелерде тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша, бір мекемеде бухгалтерлердің өздеріне қосымша жалақы есептеу арқылы 6 млн теңгеден астам бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома бюджетке қайтарылды.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Астана қаласының прокуратурасы