Әл-Фараби ауданы әкімдігінде тұрғындармен кездесу өтті. Онда ағымдағы жылдың 5 қарашасы күні Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, прокуратураның өкілеттігі кеңейтіліп, рөлі күшейтілгені туралы түсіндірілді.
Жаңадан қабылданған «Прокуратура туралы» заңға Конституциялық Заң мәртебесі беріліп, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқық қорғау функциясы едәуір ұлғая түсті.
Атап айтқанда азаптауға қатысты қылмыстарды тергеу прокуратура органдарына жүктелді.
Сондай-ақ 01.01.2023 жылдан бастап Заңның 9-бабы 16-тармақшасының талаптарына сай Конституциялық сотқа жүгіну құқығы тек Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ғана берілген. Бұл дегеніміз «Ерекше» мүмкіндік болып табылады.
Дәлірек айтқанда Бас Прокурор Конституциялық сотқа нормативтік-құқықтық актілер бойынша ресми түсініктеме беру үшін жүгінеді.
Бұдан бөлек, прокурорлар елден заңсыз шығарылған сырттағы активтерді қайтарумен қатар кәсіпкерлік субъектілерін тексеру құқығы пайда болды.
Заңның 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша не олардың келісімімен жүргізіледі.
Сонымен қатар бұрын прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел іздестіру қызметі бойынша 2 (екі) жағдайда ғана нұсқау бере алатын болса, қазір әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеріс жүргізуге, атқарушылық іс жүргізуге, жазаларды орындауға, прокуратураның талабы бойынша жүргізілетін тексерулерге, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша да жазбаша нұсқаулар бере алатын болды.
Прокурор бұрын тек қана тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тексеріс жүргізу, күштеп әкелу, құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру немесе шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою туралы қаулыларды қабылдайтын.
Ал қазір жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы, күзетпен ұстау, жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация есебінде тұрған адамдарға қатысты тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою, лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін тексеру не өтінішті қарау аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күніне дейін тоқтата тұру, сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою және прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығарады.
Заңда бұл қаулылардың барлығы міндетті түрде орындалуға жатады.
Осылайша жаңа заңда прокурордың қандай жағдайда қаулы шығаратындығы нақтыланған.
Жеке және заңды тұлғалар үшін арызды қарау мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, прокуратура органдарына келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралады.
Ал прокуратура шешімдеріне, актілеріне немесе прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым тұлғаға бұл туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей прокуратура органдарына беріледі және оны жоғары тұрған прокурор 25 (жиырма бес) жұмыс күн ішінде қарайды.
Қорытындылай келе, егер әрбір прокуратура қызметкері Конституциялық Заңның шеңберінде өз міндеті мен құзыретіне аса жауапкершілікпен қараса, онда өзінің қадір-қасиетін түсірмейді.